The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Сарыағаш: тұрғындар мәселесі оң шешімін табуда

Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың 2024  жылдың қараша айында  өткен халықпен кездесуіндегі Дарбаза  ауылдық округ тұрғындарының өтінішін жол картасына енгізген болатын.

Тұрғындар өтінішіне сәйкес аудан басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес  халықты сапалы интернетпен қамту жұмыстары аудан аумағында қарқынды жүргізілуде.

Осы ретте, Сарыағаш ауданына қарасты  екі елді мекенге базалық станция орнатылып, мобильді интернет желісімен қамтылды.

Дарбаза ауылдық округіне қарасты Құрсай елді мекенінде «Билайн», Ердәуіт елді мекенінде «Кселл» ұялы байланыс операторына әкімдік тарапынан жер учаскесі беріліп, 4G жоғары жылдамдықтағы мобильді интернетпен қамтамасыз етуге арналған жаңа базалық станциялар орнатылды. Алдағы уақытта басқа да елді мекендерді интернет пен байланыстың сапасын арттыру бағытында  жұмыстар жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Қоқыс, көгерген иіс пен кір: Алматыдағы мектеп асханасы ата-аналарды шошытты

admin

Түркістан облысында 200-ден аса балық өсірумен айналысатын шаруашылық бар

admin

АЭС жыл сайын орта есеппен 20 млн тоннаға дейін со2 қалдықтардың алдын алады

admin