The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Созақ: ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты ауданға жұмыс сапарымен келді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков Созақ ауданына жұмыс сапарымен келіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен коммуналдық салада атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Сапар барысында аудан орталығында салынып жатқан заманауи үлгідегі 200 орындық «Спорттық-сауықтыру» кешенінің құрылыс аумағында болды. Құрылыс алаңында жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылап, жобаның іске асырылу барысымен танысты. Жаңа кешен аудан тұрғындарына спортпен айналысуға жасалған үлкен мүмкіндік екенін айтып өтті.

Сонымен қатар, «Созақ сәулет» және «Шолаққорған-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарында болды. Қызметкерлермен тілдесіп, олардың жұмыс жағдайы мен қажеттіліктері жөнінде пікірлерін тыңдады. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков коммуналдық салада сапаны арттыру мақсатында қолға алынған және алдағы уақытта жоспарланған шаралар туралы сөз қозғады. Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалап, әркез ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды бетбұрыстар мен жаңашыл өзгерістерді қолдайтынын тілге тиек етті.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданы әкімінің кубогы үшін республикалық жайдарман сайысы өтті

admin

Қазығұрт ауданының мәдениет күндері өз мәресіне жетті

admin

Қытайда метапневмовирус өршіді: Еліміздегі жағдай қалай

admin