The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Бәйдібек: аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Қабылдауға аудан тұрғындары өздерінің жеке мәселелерімен қатысып, тиісті өтініштерін білдірді. Жиынға аудан әкімімен бірге  дербес бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысып, тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, шешу жолдарын түсіндірді.

Қабылдауға келген тұрғындардың өтініштері әртүрлі мәселелерге қатысты болды:

  1. Шаян елді мекенінің тұрғындары көтерген — тұрғын үй мәселелері — баспанамен қамту, тұрғын үйлердің жағдайы және құрылысқа қатысты сұрақтар талқыланды.
  2. Ағыбет елді мекенініен — газ және ауыз су мәселелері — елді мекендерді газдандыру және таза ауыз сумен қамтамасыз ету қажеттілігі айтылды.
  3. Ақбастау елді мекенінің тұрғыны көтерген —  жайылымдық жер мәселелері – ауыл шаруашылығымен айналысатын тұрғындардың мал жайылымына жарамды жерлерге деген сұранысы көтерілді.
  4. Сонымен қатар, мал тоғыту орнына қатысты мәселені де көтеріп, ауыл шаруашылығымен айналысатын азаматтар малдың денсаулығын қорғау және аурулардың алдын алу үшін тоғыту орындарының қажеттілігі мен олардың жағдайын жақсарту мәселесін айтты.

Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов барлық мәселелерді заң аясында шешу қажеттігін және әрбір өтініш бойынша тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.

Аудан әкімдігі барлық сұрақтарға назар аударып, заңды түрде шешу үшін қажетті жұмыстарды атқаратын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: бір айда Әбу-Даби – Түркістан – Әбу-Даби бағытында 28 рейс орындалған

admin

Түркістан: жаңа жыл мерекесінде қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды

admin

ТҮРКІСТАН: Жетісайда еркін күрестен жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат өтіп жатыр

admin