The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша оқу-жаттығу өтті

Ордабасы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және күресу мақсатында арнайы оқу-жаттығу өтті. Іс-шара төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету, тиісті қызметтердің үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру бағытында ұйымдастырылды.

Жаттығу барысында техникалардың, су сору құрылғылардың (мотопомпа) және жеке құрамның дайындығы, шартты су басу салдарын жою жұмыстары ұйымдастырылып, іс жүзінде көрсетілді.

Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғаныс қызметтері мен арнайы техника жұмылдырылып, әртүрлі төтенше жағдайлардың алдын алу пысықталды. Қатысушылар қауіпті жағдайларда адамдарды құтқару, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және эвакуация жұмыстарын үйлестіру бойынша тәжірибе жинақтады.

Аудан басшысы Азат Оралбаев төтенше жағдайларға дайындықты күшейту және алдын алу шараларын жетілдіру қажеттігін атап өтіп, қатысушыларға алғыс білдірді. Мұндай оқу-жаттығулардың тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызы ерекше екенін айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде футболдан Еуропа чемпионатының монеталары шықты

admin

Созақта Шу өзені бойында қауіпсіздік шаралары күшейтілді: тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

admin

Жеңіс күні: Ардагерлерге біржолғы материалдық көмек түрінде 545 млн теңге берілді

admin