The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды

 Алматының Әуезов ауданындағы Асай-5 шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 7-қабатындағы пәтерде түнде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, пәтер ішінде үй заттары 25 шаршы метр аумақта жанған. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар тілсіз жауды дамуына жол бермей, басқа пәтерлерге таралмай тұрып сөндірді.

Қауіпсіздік мақсатында 30 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды. Тұрғындар үшін жылытуға арналған көлік ұйымдастырылған. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ өрттің алдын алу үшін азаматтарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттік полицейлер қайырымдылық көмек көрсетті

admin

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларынан 182 адам қаза тапты

admin

Столичным точкам общественного питания напомнили о правилах пожарной безопасности

admin