Кентауға ҚР парламенті мәжілісінің депутаты жұмыс сапарымен келді

0

Кентау қаласындағы қайта құрылымдау жұмыстарын ерекше бақылауына алған маңызды нысан – «Кентау Сервис» мемлекеттік комммуналдық кәсіпорнының №5 Жылу энерго орталығы  энергокешендегі жөндеу жұмыстарының барысын зерделеу үшін,  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек  Сәдібеков  арнайы Кентау қаласына келді.

Мәжіліс депутаты Ұласбек  Сәдібеков және  қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлепов, «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы Арман Басаров  № 5 Жылу электр орталығында қайта — құру жұмыстары мен жөндеу жұмыстары барысын бақылады.

Сонымен қатар Парламент мәжілісінің депутаты Кентау қаласындағы “BASTAU” мектебінде және  қалалық Б.Саттарханов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебіне барып  ұжымымен кездесіп, олардың жұмыстарымын танысты. Ұрпақты білім мен спортқа тәрбиелеудегі тынымсыз еңбектеріне алғыс білдірді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Әбдиев жұмыс сапарымен Кентау қаласы, Ащысай ауылына арнайы келіп, тұрғындармен кездесіп, Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Сондай-ақ жиынға «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы Арман Басаров, Кентау қаласы мәслихатының төрағасы Қаблан Елеусізов, Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова қатысты.

Халық қалаулысымен кездесуде Ащысай ауылы тұрғындарын мазалайтын  негізгі мәселелер  – жұмыссыздық, газбен жабдықтау туралы әңгімелер қозғалды. Ерлан Әбдиев қозғалған  мәселелерді шешу үшін жергілікті және облыс әкімшіліктеріне арнайы сұраныс жасайтынын жеткізді. Аталған ауыл ақсақалдары мемлекет тарапынан жасалып жатқан жеңілдіктерге тоқталып, еліміздің Президентіне алғысын білдірді. Мәжіліс депутатына өзін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.


ПІКІР ЖАЗУ