The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Әлемнің күміс жүлдегері кентаулық Қанатбек Шағатаев

Қанатбек Шағатаев 1991 жылы КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы, 1994 жылы Әлем кубогінің күміс жүлдегері, 12-Азия ойындарының жеңімпазы,  көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы болған.

2008 жылдан бері Кентау қалалық бокс мектебінің  директоры. Бұған дейін Шымкент, Мәскеу қалаларында бапкер болып жұмыс жасаған.

Қазіргі таңда мектепте 300-ге тарта боксшылар шеберлігін арттырып жатыр.  Жасөспірімдер арасында жарысқа қатысып,  Қазақстан чемпионатында, Азия біріншілігінде жүлде алған шәкірттер де бар. 

Солардың бірі 2024 жылы Алматы қаласында бокстан 2006-2007 және 2008-2009 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимовтың жүлдесіне арналған халықаралық турнирде  Кентау қалалық № 3 БЖСМ спортшысылары 46 келіде Айым Танкибаева, 54 келіде Лия Абдуллаева қаламыздың абыройын асқақтатқан болатын.

Қанатбек Шағатаев 1967 жылы Кентау қаласында дүниеге келген. Бокспен 12 жасынан бастап шұғылданған. 1993 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік унверситетін бітірген.

Халықаралық бокс турнирінде жерлестеріміздің жарқын жетістікке жетуі үшін, жан-жақты дайындап жүрген тәжірибелі бапкер Қанатбек Шағатаевтың еңбегі зор.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: энергетика вице-министрі «бозарық» қосалқы станциясында болды

admin

Түркістанда «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» фестивалі аясында Сауран ауданының мәдениет күндері басталды

admin

Сайрамдық оқушылар «қаржылық сауат ашу» сабағын оқи бастады

admin