Соңғы екі жылда Түркістан облысына тартылған инвестиция көлемі 2 трлн теңгеден асты

0

Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше 2 жылда Түркістан облысының экономикасына 2 трлн теңге инвестиция тартылып, өсімнің оң динамикасы қалыптасты.

Оның ішінде өткен жылы тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 685 млн. АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар 1,5 есеге артығымен орындалды.

Өңірде «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы алғаш рет жүзеге асып, 10 зауыт іске қосылды. 3 жылда 150-ден аса өндірістік ғимараттар салынып, зауыт-фабрикалар іске қосылады.

Түркістан облысына 2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар индикаторы 1 трлн. 133,8 млрд. тг. көлемінде бекітілген. 11 айдың қорытындысымен өңірге тартылған инвестициялар көлемі 1 трлн. 64,7 млрд.тг. (2022 жылы-739,5 млрд.тг, 2023 жылы-948,8 млрд.тг) құрады, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 125,5%-ға өсті.

Сонымен қатар 2024 жылға өңірге тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 467 млн. АҚШ доллары көлемінде бекітілген, ағымдағы жылдың IIІ тоқсанының қорытындысымен тікелей шетелдік инвестиция көлемі 1 млрд. АҚШ долларды құрады (2022 жылы-592,9 млн. АҚШ долл., 2023 жылы-857,9 млн. АҚШ долл.).

Жалпы 2022 жылдан бері өңірімізде жалпы құны 255,6 млрд. теңгеге 120 инвестициялық жобаіске асырылып, 5 000-нан астам жұмыс орыны ашылды (2022 жылы 23 жоба 28,9 млрд.тг, 2023 жылы 56 жоба 127,3 млрд.тг, 2024 жылы 57 жоба 137,2 млрд.тг).

Ірілерін атап айтқанда:

  1. Сауран ауданындағы «Hevel Kazakhstan» ЖШС (Ресей) қуаттылығы 110 МВт құрайтын 3 күн электростанциясы (инвестиция құны 34,9 млрд.тг.);
  2. Отырар ауданындағы «ARM WIND» ЖШС(Италия) қуаттылығы 50 МВт күн электростанциясы (инвестиция құны

22,7 млрд.тг.).

  1. Сайрам ауданындағы «CaPable Group» Мүгедектер қоғамы» БҚ (Түркия/ҚР) Итальяндық технология бойынша жөргектердің жаңа түрін өндіру (инвестиция құны 4,0 млрд.тг.);
  2. Мақтаарал ауданындағы «ZHANASSYL» ЖШС (ҚР) мақта талшығын өңдеу зауыты(инвестиция құны 2,5 млрд.тг.);

Сондай-ақ алдағы уақытта облыс экономикасына тың серпін беретін 2,5 трлн. теңгеге 145 инвестициялық жобаны іске асырылады. Нәтижесінде 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады. Оның ішінде, 2024 жылдың қорытындысымен жалпы құны 137,2 млрд. теңгеге 2 274 жұмыс орнын ашумен 57 инвестициялық жобаны іске қосылды.

Осымен қоса, облыста жалпы құны 1,7 трлн. теңгеге ТОП-20 ірі инвестициялық жобалардың тізбесі жасақталған. Сондай-ақ, жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Аталған жобалардың есебінен ағымдағы жылға қойылған межеге қол жеткіземіз деген жоспардамыз.

Ірі жобалардың қатарында:

— текстиль кластерін құру бойынша «Лихуа Груп» компаниясы, инвестиция сомасы 440 млн. АҚШ доллар. Аталған компания облыста ПВХ құбыр шығаратын зауыт (Отырар ауданы), тамшылатып суару жүйелерін шығаратын зауыт (Отырар ауданы), 2 мақта өңдеу зауыты (Отырар ауданы), жіп иіру фабрикасы («Туран» АЭА), иіру фабрикасы («Туран» АЭА), бояу және әрлеу фабрикасы («Туран» АЭА) және тігін фабрикасы («Туран» АЭА) сияқты инвестициялық жобаларын іске қосуды жоспарлауда.

Қазіргі уақытта, 1 200 га алаңда егіс жұмыстары жүргізілді, тамшылатып суару жүйесіорнатылды сондай-ақ, жергілікті тұрғындардан 50-ден астам адам жұмыс істейді және 16 ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылған.

— «Чайна Энерджи (Сhina Gezhouba Group)»(Созақ, Сауран, Бәйдібек, Түлкібас аудандары)жалпы құны 915 млн. АҚШ доллар қуаттылығы 800 МВт құрайтын күн және жел электростанциясының құрылысы.

Өткен жылдың қазан айында Баку қаласында (Әзірбайжан Республикасы) екі ел Президенттерінің қатысуымен өткен Саммиттежобаны жүзеге асыру туралы екі жақты Үкіметаралық келісім шартқа қол қойылды. Сондай-ақ Сауран ауданында 300 МВт күн электростанциясының 1-кезеңін жүзеге асыру үшін 600 га жер телімі ұсынылды.

Сонымен қатар «Шангси Джонгчанг Груп» 5 жұлдызды қонақ үй, бизнес орталық және аквапарк құрылысы (инвестиция құны 121,5 млрд.тг), бейнебақылау камераларын және мыс кабельдерін шығару өндірісін ұйымдастыру үшін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелді.

Сондай-ақ 2024 жылғы шілде айында Қытай Халық Республикасына жасалған іссапардың нәтижесінде Шэньси, Хубэй, Хэнань провинциялары және Вэйнань қаласы арасында бауырластық қатынастарды орнату туралы меморандумдарға қол қойылды.

Бұдан бөлек, облысқа инвестиция тарту және сауда-экономикалық қатынасты нығайту мақсатында Қытай, Ресей, Австралия, Өзбекстан, Катар, Оңтүстік Корея елдеріне іссапар ұйымдастырылып, маңызды келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде, қазан айында Түркістан қаласындаХалықаралық форум өткізіліп, 127 компанияқатысты («TURKISTAN INVESTMENT & TOURISM FORUM»).

Форум аясында 28 компаниямен G2B және 47 компаниямен B2B форматында кездесулер өткізіліп, 301 млрд теңге көлемінде 35 меморандумға қол қойылды.

Осы келісім арқылы дрон, медициналық жиhаз, тұрмыстық химиялық өнімдер, құрылыс материалдарын, тамақ өнімдерін шығару және басқа да тауарлар өндіретін кәсіпорындарды ашу жұмыстары басталды.


ПІКІР ЖАЗУ