The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Жетісай ауданында биыл 21 елді мекен табиғи газға қосылмақ

Жетісай ауданындағы Қызылқұм ауылдық округіне қарасты Түркебай елді мекені табиғи газға қосылды. Осы орайда аудан әкімі Серік Мамытов елді мекенге арнайы барды. Бүгінде ауылда 472 тұрғын бар. Енді жыл соңына дейін Жаңа ауылдық округінің Жаңа ауыл, Қарой, Әбдіхалық, Мырзашөл және Атақоныс елді мекендері табиғи газға қосылмақ. Сондай-ақ, Ж.Ералиев ауылдық округінің Жетіқазына, Бәйтерек және Сейфуллин елді мекендерін, Мақталы ауылдық округінің Сарқырама, Мақталы, Алмалы, Жібек жолы, Теміржол елді мекендері де қамтылмақ.

Одан бөлек, Қызылқұм ауылдық округінің Датқа, Ақтөбе, Жалпаққұм, Алғабас, 1-мамыр, Қосқұдық, Мақталы елді мекендерін, Абай ауылдық округінің Халықтар достығы және Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Күрішті елді мекенін табиғи газға қосу жоспарланған.

Сонымен қатар ауданда мемлекеттік бағдарламалар аясында елді мекендердегі ескірген электр бағаналарын жаңарту, инфрақұрылымды дамыту, ішкі және қалааралық, ауданаралық жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, өткен жылы Ж.Ералиев ауылдық округінің Абай елді мекені, Қызылқұм ауылдық округінің Қызылқұм, Қызылту, Қарасақал елді мекендері көгілдір отынға қосылған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандықтарға Египетке баруға рұқсат етілді

admin

2026 жылдан бастап оқушылар қандай оқулықпен оқиды? — Қоғамдық талқылау басталды

admin

8 наурыз: Қазақстандықтар іздеу жүйесінен нені көп сұрайды?

admin