The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: өңірдегі өзекті мәселелер талқыланды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың жай-күйі талқыланған жиын өтті. Өңір басшысы басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне өз міндеттерін сапалы атқаруды тапсырды.

– Жергілікті әкімдерге тұрғындардың сұрақтары мен өтініштерін сапалы, созбалаңға салмай,  уақтылы шешуді тапсырамын. Қабылдауға келген азаматтардың өтініштерін заң шеңберінде орындап, міндеттеріңізді сапалы атқарыңыздар. Тұрғындарды негізінен тұрғын үй, жер, инфрақұрылымдық мәселелер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік мәселелер мазалайды. Осыларды назарда ұстаңыздар, – деді Нұралхан Көшеров.

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев аймақтағы қоғамдық-саяси ахуал туралы баяндама жасады. Сонымен бірге өңірдегі өзекті мәселелер талқыланып, аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Шардарада 500 адамды жұмыспен қамтитын зауыт салынып жатыр

admin

Жаңа бюджет: Салық түсімі артып, артық шығын қысқартылады

admin

Түркістан төрінде ақ жаулықты әжелер тулақ тарту, текемет басу, «төркіндету», «қалау» секілді ғұрыптарды насихаттады

admin