The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Ордабасы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында атқарылатын іс-шаралар туралы мәжіліс өтті

Ордабасы ауданы әкімдігінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша жоспарланған іс-шараларды талқылау үшін арнайы мәжіліс өткізілді. Жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудан прокуроры Абзал Қыдырбай,  төтенше жағдайлар бөлімінің өкілі, дербес бөлім басшылары мен ауыл округ әкімдері қатысты.

Мәжілісте төмендегі мәселелер қаралды:

— Су тасқынының алдын алу шаралары: өзендер мен су қоймаларының жағдайын бақылау, каналдарды, арықтарды тазалау және гидротехникалық құрылғылардың дайындығын тексеру.

— Азаматтарды ақпараттандыру: төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету ережелері туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Осы мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл баяндама жасады.

Жиын соңында аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы жиналысқа қатысушыларға жоспарланған жұмыстарды уақытылы әрі сапалы орындау туралы тапсырмалар берді. Аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әрбір құрылымның өз міндеттерін қатаң орындауы талап етілетінін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Президент: Транскаспий көлік бағдары көлік-логистика қатынастарын дамытуға тың серпін береді

admin

Алматыдағы ипподром мемлекет меншігіне өтетін болды

admin

Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтары қойылды

admin