The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: Карантиндік шектеу шараларының сақталуы бойынша мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында карантиндік шектеу шараларының сақталуы бойынша мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Қаратау ауданы аумағында мобильді топ аудан аумағында күндіз және түнгі уақытта да рейдтік іс-шараларды атқаруда, деп хабарлайды Bainews.kz тілшісі.

Кезекті мониторинг барысында ауданда көптеген кәсіпкерлік нысандары карантиндік талаптарды қатаң сақтай білсе, бірқатар нысандар шектеу шараларының талаптарын орындамай, сенбі-жексенбі күндері де жұмысын жүргізгені анықталды.

Жалпы анықталған кемшіліктерге аудандық мобильді топ тарапынан ескерту беріліп, нысан иелерінен түсініктеме алынды.

Барлық түсініктемелер арнайы шара көру мақсатында құзырлы мекемелерге жолданды.

Сондай-ақ, Абай ауданы Қызылжар шағынауданы Жиделібайсын көшесі бойындағы 14 тойхана мен мейрамханаларға мобильдік топ карантиндік талаптардың сақталуы бойынша кезекті рейд ұйымдастырды.

Мобильдік топпен бірге аудан әкімі Б.Парманов іс-шара барысында «Нұр-777», «Кездесу», «Дидар», «Сұлтан ата» Bomond”, «Ынтымақ», «Аль-акрам» және т.б, тойханаларға той және ас беру жиындарын өткізбеу керек екенін қатаң ескертіп, карантин талаптарын сақтауға шақырды.

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында мобильдік топтардың жұмысы қарқынды жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Экопарк, спорт және мәдениет: Бурабай ауданы қалай дамып келеді

admin

Astana Motors, АҚШ және Корея компаниялары Қазақстанда автокомпонент зауытын салады

admin

Түркістандық 77 жас “Zhas Project” жобасына қатысты

admin