The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Алматыда негізгі спорт нысандары жаңғыртылады

🏟 Әкім Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында Орталық стадионды, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын және спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатты аралап көрді.
📉 1958 жылы салынған Орталық стадионды жаңғырту қажет. М. Әуезов атындағы драма театры мен Қазақ мемлекеттік циркіне баратын жаяу жүргіншілер жолдары бұзылып, инфрақұрылым ескірген. Аренаны заман талабына сай жөндеп, қолжетімділікті қалпына келтіру, сондай-ақ электронды билет жүйесін енгізу тапсырылды.
⛸ Спорт сарайында Дархан Сатыбалды жаттығу мен түрлі іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу үшін қолайлы жағдай жасауға айрықша назар аударды.
🏫 19 олимпиадалық спорт түрі бойынша дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың 1935 жылы тұрғызылған ескі ғимараты сүрілетін болды. Оның орнына жаңа заманауи кешеннің құрылысы 2025 жылдың күзіне жоспарланып отыр.
🚧 Әкім барлық жобалау және құрылыс жұмысын қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жедел әрі сапалы жүргізуді тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

№54 мектеп күрделі жөндеуден өтуде

admin

Жетісуда ірі есірткі нүктесі жойылды: 111 орама гашиш тәркіленді

admin

Жалдамалы пәтерде тұрып жатқандар үйлерін босатады – әкім жауап берді

admin