ТҮРКІСТАН: депутаттық комиссия мүшелері облыстық архивтердің жай-күйімен танысты

0

Түркістан облысының мәслихат төрағасы Нұралы Әбішовтың өкімімен құрылған уақытша депутаттық комиссия мүшелері Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасына қарасты мекемелерінің жай-күйімен танысты.

Алдымен, депутаттар Түркістан облысы «Қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архивінде» болып, мекеме жұмысын бақылады. Қызметкерлермен кездесіп, саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Мекеме жұмысымен Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков таныстырды. Одан бөлек, мекеме басшысы Гулнәр Сәдібекқызы мемлекеттік архивтің бағыты мен архивте сақталатын құжаттардың маңыздылығы жөнінде айтып өтті. Сондай-ақ архив ісі бойынша шешімін таппай келе жатқан мәселелер де ортаға салынды.

Осы күні депутаттар «Түркістан облысы мемлекеттік архивінде» болып, атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Кездесуде  архив басшысы Айдын Кеңесбайқызы мемлекеттік архив мекемелерінің жұмысы, негізгі мақсаты мен міндеттері жайлы баяндады. Архив саласының қоғамдағы алатын орны туралы айтып, архив қорындағы құжаттарды цифрлық форматқа көшіру барысы туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар комиссия мүшелеріне құжаттар көрмесі мен баспа басылымдары таныстырылды. Архив саласы қызметкерлерінің тарапынан саланы дамыту, архив мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсартуға байланысты бірқатар ұсыныс айтылды.

Айта кетейік, Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасына қарасты мекемелердің тыныс-тіршілігімен танысқан депутаттар анықталған өзекті мәселелерді тұрақты комиссия отырысында талқылап, сессия қарауына ұсынатын болады.


ПІКІР ЖАЗУ