Түркістанда облыстық Әзербайжан этномәдени бірлестігі «Еліме мың алғыс» мерекелік іс-шарасын өткізді

0

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай облыстық әзербайжан этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Еліме мың алғыс» атты мерекелік іс-шарасы өтті.

Бірлікті бекемдеген іс-шара аясында өңірдегі «Гарабах» әзербайжан этномәдени бірлестігі ұлттық тағамдар мен қолөнер көрмесін ұйымдастырды.

Жиынға өңірдегі ҚХА мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, жастар қатысты.

Салтанатты шарада сөз алған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысының орынбасары Ерназар Баетов пен Қазақстан және Әзірбайжан Журналистер Одағының мүшесі Насиха Кенжина Алғыс айту күнінің этностар татулығы мен ынтымақтастығында алар орнының маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ жиында айтулы мерекемен құттықтаған облыстық әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрайымы Рамилия Мустафаева Ассамблеяның 30 жылдағы жетістіктерін тілге тиек етіп, маңызды институттың тарихымыздың ізі, бірлігіміздің ұйытқысы екенін атап өтті.

– Өңірде өмір сүріп жатқан әзірбайжан этносының өкілдері тәуелсіз Қазақстан мен Түркістан облысының дамуына, қоғамдық татулық пен тұрақтылықтың сақталуына шынайы қызмет етіп келеді. Өз ісін өркендетіп, жергілікті халықтың тұрмысын түзеуге атсалысып жатқан бауырларымыз да бар. Осы орайда, әзербайжан халқын жатсынбай, тіршілігін алаңсыз жасауына мүмкіндік берген, бізді бауырындай көрген дархан көңілді қазақ халқына қанша алғыс айтсақ та артық болмайды! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман болсын! – деп жылы лебізін білдіріп, көпшілікке алғысын жеткізді.

Іс-шара барысында этномәдени бірлестіктердің өкілдері «Туған жер», «Отан» сынды патриоттық әндер шырқап, мерекенің ажарын аша түсті.

Еске сала кетсек, бүгінгі таңда өңірімізде 23 мыңнан аса әзербайжан этносының өкілі береке-бірлікте өмір сүріп келеді.


ПІКІР ЖАЗУ