The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: Ордабасылық тұрғын мемлекеттік қолдау арқылы кәсібін дөңгелетіп отыр

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында мемлекеттік грант алып, кәсіп ашқан тұрғындар саны артып келеді.

2024 жылдың 2 легі бойынша өз бизнес-жоспарын сәтті қорғап, оң шешімін тапқан Ордабасы ауданы, Темірлан ауылының тұрғыны Әлия Әшімбекова үй іргелік жерінен іс ашып, кәсіппен айналысуда. Ол жергілікті тұрғындарды сапалы ұнмен, құнарлы жеммен қамтамасыз етіп келеді.

Әлия Әшімбекованың отбасылық кәсіпкерлік бастамасы ауыл шаруашылығын дамытуға және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға өз үлесін қосып отыр. Тәулігіне 3 тонна бидайды өңдеп, 1,5 тонна ақ ұн, 150-200 келі қара ұн және 900 келі жем өндіреді. Бұл өнімдер сапасымен және қолжетімді бағасымен ерекшеленіп, жергілікті нарықта сұранысқа ие.

Кәсіпкер өнім сапасын одан әрі арттыру және өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында заманауи технологияларды енгізуді жоспарлап отыр. Бұл қадам оның бизнесін өркендетіп қана қоймай, ауданның ауыл шаруашылығы секторын дамытуға серпін бермек.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «Үлгілі ауыл» атанған ауылда жаңа әлеуметтік нысан салынады

admin

Түркістан: Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік Конгресі басталды

admin

Мектептерде де маска режимі енгізіле ме

admin