The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: Бәйдібектік азамат құс шаруашылығын дамытуда

Түркістан облысында жергілікті тұрғындардың жаңа бизнес-идеялар қолдау тауып, қайтарымсыз гранттар арқылы іске асырылуда. Мемлекет қолдауымен іс бастаған тұрғындар Бәйдібек ауданында да бар.

Бәйдібек ауданы, Шаян ауылының тұрғыны Калдаш Туленов биыл мемлекеттік грантқа үміткер ретінде комиссия отырысында жобасын таныстырып, оң шешімін алды. Нәтижесінде, мемлекеттен 1 млн 476 800 теңге көлемінде қаржы алып, қайтарымсыз грант иегері атанды.

Ол бөлінген қаржыға бөдене құсын сатып алып, құс шаруашылығын жолға қойған. Сапалы әрі қолжетімді құс өнімдері ауыл тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие. Кәсіпкер алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді, құс санын көбейтуді жоспарлап отыр. Осылайша, 3 топтағы мүмкіндігі шектеуелі азамат іс бастап, көмекшісімен бірге кәсібін дөңгелетіп отыр.

Айта кетейік, Бәйдібек ауданында Қазақстан Республикасының «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру қағидаларына сәйкес, 2024 жылы 1 және 2 легі бойынша грант алуға 180 азамат үміткер ретінде тіркелді. 73 азамат 1 476 800 теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда банктер мемлекетке қанша қарыз? Тізім

admin

Түркістан облысында тазалық жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр

admin

Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер

admin