The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы аналарға бірреттік көмек көрсетіледі

Республика бойынша көпбалалы аналардың төрттен бір бөлігі – Түркістан облысының тұрғындары. Оның ішінде, 117 927 адам – 18 жасқа дейінгі төрт және одан көп баласы бар аналар болса, «Батыр аналар» – 2 175, «Алтын алқа» иегерлері – 18 570, «Күміс алқа» иегерлері – 43 413, I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған аналар саны – 3 264.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік  іс-шаралар жоспарына сәйкес, өңір тұрғындарының әлеуметтік аз қамтылған бөлігін, көпбалалы және толық емес отбасыларға қаржылай және заттай қолдау көрсету жоспарланған. 

Мереке қарсаңында «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, «Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналарға бірреттік көмек қарастырылмақ. Аудандық және қалалық бюджет есебінен жалпы 63 мыңнан астам адамға 484,8 млн. теңгеге жуық қаржы қаралып, орташа есеппен 7864 теңгеден біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыс бойынша 31 933 адам немесе 5265 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Оның 62 пайызы немесе 3252-сі көпбалалы отбасы.

Ұқсас жаңалықтар

«Дипломмен ауылға»: Депутат жастарға 10 миллион теңге беруді ұсынды

admin

Қорғаныс министрлігі Шымкентте патриоттық акция өткізді

admin

Аймағамбетов: Мектептерде смартфонға тыйым салу – дұрыс қадам

admin