The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Жұмысшы мамандықтары жылы: Сайрамда қандай жобалар қолға алынады?

Мемлекет басшысы «2025  жыл — Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағаны белгілі. Бұл қоғамға қажетті жұмысшы мамандарды даярлауға білім берудегі сапаны жақсартуға, тиісті мамандықтарға деген сұраныстың арттыруына және білікті мамандарға деген қажеттілікті қанағаттандыруға мүмкіндік береді деген сөз. Осы мақсатта аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліповтің төрағалығымен ауданда Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жайында отырыс өтті.

«Біздің басты мақсат – жұмысшы мамандар жылын өз деңгейінде атап өту және олардың мәртебесі мен беделін көтеру. Осыған орай, барлық мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдері үйлесімді жұмыс жүргізу тиіс. Сондықтан жоспарда көрсетілген әрбір тармақтары бойынша өз мерзімінде әрі сапалы орындалуын жауапкершілікпен қарауды тапсырамын», — деді Мадияр Бақтыбайұлы.

Жиын барысында жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман идеясын насихаттау мақсатында аудан көлемінде ашық есік күндері, кәсіптік оқыту, семинарлар, тарихи орындарға саяхат, дөңгелек үстелдер, кездесулер, челендж, бос жұмыс орындарына жәрмеңке, мәдени және спорттық іс-шара өткізу туралы әзірленген жоспар таныстырылып, талқыланды. Сондай-ақ, жыл көлемінде Жұмысшы мамандықтар жылын ақпараттық қолдаудың да маңыздылығы айтылды. Аталған жоспар аясында жыл соңына дейін аудан көлемінде жалпы саны 148 іс-шара өткізу жосарлануда.

Ұқсас жаңалықтар

Жапонияда 5 баллдық жер сілкінісі болды

admin

Атырау облысында прокурорлар 389 млн теңгенің негізсіз жұмсалуына жол бермеді

admin

Бәйдібек: жолдарды қардан тазалау жұмыстары тексерілді

admin