The Dala Times ақпараттық сайты
ӘлемБасты жаңалық

Түркиядағы ереуіл: қазақстандық студенттердің жағдайы қалай

  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Түркиядағы қазақстандық студенттер қауіпсіз жерде екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Орталықтың мәліметінше бұл елде бағдарлама бойынша 25 қазақстандық стипендиат білім алып жүр.

Барлық стипендиат орталық қызметкерлерімен, Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен тұрақты байланыста және қажет болған жағдайда көмек сұрай алады, — деп жазылған хабарламада.

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына адамдар көп жиналатын орындарға барудан уақытша бас тартуды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және жергілікті биліктің нұсқауларын орындауды ұсынады.

Түркиядағы Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің байланыс нөмірлері:

ҚР елшілігі (Анкара): +905352734496

ҚР Бас консулдығы (Ыстамбұл): +905012621465

ҚР Бас консулдығы (Анталья): +905394400522

ҚР Бас консулдығы (Измир): +905530998789

Түркиядағы халық толқуы басылған жоқ және Ыстанбұл мэрі Экрем Имамоглу қамауға алынғаннан кейін жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Оппозициялық саясаткер оппозицияның жалғыз кандидаты болды.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

admin

Алматыда көлік ғылымдары мен технологияларының алғашқы институты құрылады

admin

Мемлекет басшысы құтқарушылармен және еріктілермен кездесті

admin