The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Балқаш әуежайында қайта құру жұмыстары басталды

 Балқаш қаласының әуежайында жермен жүру жолы мен перронды қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны — 3,8 миллиард теңге, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Көлік министрлігінің мәлімдеуінше, бас мердігер «КАЗАХДОРСТРОЙ» ЖШС ресурстарды жұмылдырып, қомақты көлемде арнайы техниканы, инженерлік-техникалық қызметкерлерді орналастырып, құрылыс-монтаж жұмыстарын бастаған. 

Қазіргі уақытта асфальтбетон жабындарын фрезерлеу жұмыстары аяқталуда (98%), жермен жүру жолы негізі бөлшектенуде (40%) және жол төсемдері дайындалуда. Жұмыс жоспарына сәйкес бетон жабындысын монтаждау биылғы жылдың 15 маусымына жоспарланған.

Содан кейін аэровокзалды күрделі жөндеу және арнайы көлік қызметінің ғимаратын салу жоспарланған.

Әуежай инфрақұрылымын жаңарту қала мен туристік аймақты дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады деп күтілуде.

Балқаш қаласының әуежайы 1967 жылы салынды, соңғы жөндеу жұмыстары 2007 жылы жүргізілді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АЛҒАШ РЕТ МИ ІСІКТЕРІН ЕМДЕУДЕ МУЛЬТИДИСЦИПЛИНАРЛЫҚ ТӘСІЛ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

admin

Түркістан театры астана төрінде «ФАРИЗА» қойылымын сахналады

admin

Ғалымжан Ильясов қала әкіміне атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді

admin