The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ДСМ Жамбыл облысындағы балалардың жаппай улануына қатысты пікір білдірді

Жамбыл облысында балалардың жаппай улануына тамақтану процесіндегі бұзушылықтар себеп болған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тамақтанған кезде уланған. Тиісті сынамалар алынып, стафилококк анықталды. Бұл тамақ дайындау және сақтау технологиясының бұзылғаны салдарынан балалардың жаппай уланғанын көрсетеді, – деді министр.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарға бақылауын күшейту мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізіліп жатыр.

Еске салсақ, Алматы облысындағы Жауғашты әйелдер колониясында аналарымен бірге отырған кішкентай балалар жаппай уланған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Су тасқынына дайындық қалай?

admin

Шымкент: коммуналдық сала қызметкерлері сый-құрметке бөленді

admin

Қорытынды сессия: Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуында динамикалық өсім бар

admin