The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

11 жастағы қыздың үстіне үйдің шатыры құлады

 Қарағанды облысында бес қабатты тұрғын үйдің шатыры 11 жастағы қыздың үстіне құлап, ол жарақатпен ауруханаға жеткізілді. деп хабарлайды BAQ.KZ «Патриот» басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға қыз бала үйіне қайтып келе жатқан кезде орын алған. 2014 жылы туған мектеп оқушысы шатырдың құлауынан жарақат алып, аудандық орталық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта дәрігерлер тиісті тексерулер жүргізіп, қажетті медициналық көмек көрсетуде.

Алайда Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) бұл оқиғаға қатысты басқа мәлімет ұсынды. Олардың айтуынша, зардап шеккендер жоқ.

Бес қабатты тұрғын үйдің 70 шаршы метрлік шатыры ұшып кетті. Зардап шеккендер жоқ, – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, өңірде 24 м/с жылдамдықтағы дауылды жел соғып тұр. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан ондаған ағаш құлап, бірнеше тұрғын және әкімшілік ғимараттардың шатырын жел ұшырып кеткен.

Ұқсас жаңалықтар

Өзін әлеуметтік әлсіз етіп көрсететіндер көбейді: Оларға жаза бар

admin

Ресей азаматтарына TOEFL емтиханына тіркелуге тыйым салынды

admin

Әйелдердің үні Конституциялық комиссияда толыққанды естіліп жатыр – депутат

admin