The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықҚоғам

Қазақстанда 3300-ден астам мәслихат депутаты бар

 Астанада Сенат жанындағы мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, мәслихаттар 30 жылдан астам тарихы бар іргелі институт.

Осы жылдар ішінде бұл орган формалды құрылымнан билік жүйесінің жергілікті жердегі толыққанды субъектісіне айналды. Қазіргі таңда елімізде 3300-ден астам мәслихат депутаты бар. Олардың бәрі сайлаушылардың мүддесін қорғай отырып, мемлекет пен халық арасындағы алтын көпірге айналды деп айтуға толық негіз бар, — деді спикер.

Оның сөзінше, Мемлекет басшысы қолға алған соңғы саяси реформалардың арқасында осы жылдарда мәслихаттардың рөлі айтарлықтай нығайды. Бұл өзгерістер “Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет” атты мемлекеттік құрылыстың жаңа формуласына сәйкес жүзеге асырылды.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мызғымайтын осы үш тағанның тағы бір белгісі – жауапты жергілікті басқару екенін талай мәрте айтқан болатын. Сондықтан аталған қағидат аясында мәслихаттарға маңызды міндет жүктелетіні сөзсіз, — дейді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда корейлік «WOOSONG» университетінің филиалын ашу жұмыстары пысықталды

admin

Қазақстан мен Түркияның халықаралық жүк тасымалы саласындағы ынтымақтастық туралы заң қаралды

admin

Астанада Конституциялық комиссияның ІХ отырысы өтіп жатыр

admin