The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Желіде АИВ жұқтырғандардың аты-жөні тарады: Полиция не дейді?

 Алматы қалалық полиция департаменті желіде тараған АИВ жұқтырған адамдардың аты-жөні таралу оқиғасына қатысты жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аталған факт бойынша Алматы қалалық полиция департаменті тексеріс жүргізіп жатыр. Ақпараттың дәйектілігі мен объективтілігі анықталады. Соның нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес шара қабылданады, — делінген департаменттің хабарламасында.

Еске салайық, Алматы да АИВ инфекциясын жұқтырған адамдардың тізімі тарап кеткен. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, Алматыдағы колледждердің бірінде болашақ медицина қызметкерлері АИВ инфекциясына шалдыққандардың тізімі бар құжаттарды таратқан. Олар ақпаратты практикалық дәрістер кезінде зертханадан алған.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі елдегі дәрі-дәрмек бағасының қымбаттауына қатысты жауап берген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Ассамблеи народа Казахстана встречает пришедших на голосование

admin

Шымкент: үш жылда 792 шақырым жол жөнделді

admin

Жеке қабылдау өтті: баспана мәселесін көтеріп келгендер болды

admin