The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Маңғыстаулық 17 жастағы баланың жұмбақ өліміне қатысты тың дерек шықты

 Маңғыстау облысы, Ақжігіт ауылында жұмбақ жағдайда көз жұмған 17 жастағы Сағындық Қуанышбековтің өліміне қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Lada.kz хабарлауынша, марқұмның туысы Амангелді Қуанышбеков Сағындықтың денсаулығы жақсы, спортпен айналысқанын айтты. Достары оның мотоциклден құлағанын жеткізген.

Оны үлкендер мотоциклден құлады деп айтуға мәжбүрлеген. Қазір ауылда жүрегі ауыратын еді деген қауесет тарап жатыр. Бірақ бұл — жалған. Ол күнде жаттығуға баратын, денсаулығы мықты еді. Қорлық көрген. Достары мойындады. Оларды біреулердің қорасын тазалауға мәжбүрлеген. Ал менің інім барудан бас тартқан соң, ұра бастаған.

Туыстары бұл істі топпен жасалған қылмыс ретінде тіркеп, күдіктілердің барлығына тергеу аяқталғанша қамауға алу бұлтартпау шарасын қолдануды талап етуде.

Ұқсас жаңалықтар

Ордабасыдағы машина жасау кәсіпорны өнімдерін шетелдерге экспорттауда

admin

Сайрам ауданында 527 гектар жайылымдық жер ортақ пайдалануға берілді

admin

«Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасы аясындағы атқарылатын жұмыстар талқыланды

admin