«Немолчи» қорының басшысы Дина Таңсәрі ұсталды

0

Черногорияда «НеМолчиKZ» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Дина Таңсәрінің  телеграм арнасында мәлім болды. Таңсәрі ұсталарының алдында қысқа бейнежазба жазып үлгерген.

Мені жаңа ғана ұстады да, Подгорица қаласының полициясына әкелді. Ертең экстрадиция мәселесі бойынша сот болады. Бұл соттың не шешетінін білмеймін, бірақ таңға дейін Черногория полициясында қалуым керек деді. Жалпы, ертең соттың не шешетіні белгілі болады. Ұстаудың себебі белгісіз. Тек сотқа жеткізуге де болар еді, бірақ мені таңға дейін қамауда ұстағысы келеді. Достар, қолдауларыңызды сұраймын. Мұның немен аяқталатынын білмеймін, бірақ мені экстрадицияламайды деп үміттенемін, – деді Тансари Telegram-арнасында жарияланған видеосында.

Еске салсақ, Дина Тансари 2021 жылдан бері шетелде тұрып келеді. Қазақстанда ол «НеМолчи.kz» қорына аударылған қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген.

2023 жылғы желтоқсанда Өскемен қаласының соты оны сырттай қамауға алу туралы шешім шығарған. Егер кінәсі дәлелденсе, оған 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қолданылуы мүмкін.


ПІКІР ЖАЗУ