Трамп Иранға неге қызығып отыр?

0

Трамп Иран мәселесіне қатысты «өте тез» шешім қабылдауға үміттеніп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ interfax-қа сілтеме жасап.

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Тегеран арасындағы ирандық ядролық мәселе бойынша консультациялар аясында бұл мәселеге қатысты шешімді жақын арада қабылдайтынына сенімді.

«Мен Иран мәселесі бойынша әртүрлі адамдармен кездестім, біз бұл мәселе бойынша өте тез шешім қабылдаймыз», – деді Трамп журналистер пулына.

Бұған дейін Axios ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің екінші кезеңі 19 сәуірде Римде өтетіні хабарлаған. 

Басылым сұхбаттасушыларының айтуынша, Трамп әкімшілігі Оманда өткен алғашқы келіссөздер кезеңінің нәтижесіне қанағаттанған, ал Ақ үй келіссөздер сындарлы өткенін мәлімдеді. 

Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи өткен сенбі күні өткен консультациялар сындарлы өткенін мәлімдеді. Ол келіссөздердің екінші кезеңінде «ықтимал келісімнің жалпы шеңбері» талқыланатынын атап өтті.


ПІКІР ЖАЗУ