The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Абай облысында үш адам суға ағып кетті

Абай облысы Аягөз ауданындағы Ақшәулі ауылында үш адам өзенге ағып кетті,- деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі. 

Куәгерлердің сөзінше шаруа қожалығының жұмысшылары мал іздеуге шыққан. Қаракөл өзенінен аспалы көпір арқылы өтпек болғанда, көпір сынып кеткен. Оқиға кеше түс кезінде болды. 

Құтқарушылар 1967 және 1980 жылғы екі адамның өлі денесін таңертең тапқан. Үшінші адамның денесі бүгін түсте табылды. Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті әкімдік өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Түлкібаста мектеп қабырғасында ұлы отан соғысы ардагерінің музейі ашылды

admin

Шымкент: спорт алаңы мен балалар ойын алаңшалары ашылды

admin

Трамптың Тоқаевты G20-ға шақыруы Қазақстанға не береді? – саясаттанушы түсіндірді

admin