The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықҚоғам

Астанада биыл техникалық ақауы бар 25 автобус анықталды

 Астанада биыл техникалық ақауы бар 25 автобус анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Тексеру барысында автобустардың техникалық жай-күйі, олардың желіге шығу тәртібі және жүргізушілердің рейске шығар алдындағы медициналық тексерістен өту рәсімдері назарға алынды. Осы жылдың басынан бері техникалық ақауы бар 25 автобус анықталды. Осыған байланысты автопарк басшылары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 617-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық көліктердегі қауіпсіздік пен тәртіпті арттыру мақсатында автопарктердің басшыларымен 4 жұмыс кеңесі өткізілді.

Сондай-ақ автобус жүргізушілерінің кәсіби біліктілігін арттыру және құқықтық сауаттылығын нығайту мақсатында 64 дәріс ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралар қоғамдық көліктегі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан өңірі шаруаларымен кездескен министр су жайын егжей-тегжейлі талқылады

admin

ТЖМ: Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

admin

Түркістандық велоспортшылар талғарда өткен жарыста екі рет күміс жүлдегер атанды

admin