The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Абай облысында жылу тарифі төмендеді

2022 жылдан бастап Абай облысындағы жеті жылумен қамтамасыз ету ұйымы мемлекеттен 3,3 млрд теңге мөлшерінде субсидия алған. Заңнама талаптарына сәйкес, жылу тарифтерін қалыптастыру кезінде бұл қаражат ескерілуі тиіс болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алайда, Бас прокуратура атап өткендей, табиғи монополия субъектілері өз қызметтерінің құнын төмендетпеген,

Прокурорлық тексеру нәтижесінде, жылумен қамтамасыз ету тарифтері әр кәсіпорынға бөлек бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге уақытша өтемдік тариф енгізу арқылы төмендетілді. Жалпы облыс бойынша тарифтердің төмендеуі 4,5%-дан 48%-ға дейін жетті. Осылайша, алдағы үш жыл ішінде тұтынушылар 3,3 млрд теңге үнемдейтін болады, — деп нақтылайды құзырлы ведомство.

Абай облысының прокуратурасы 80 мыңнан астам тұтынушының, оның ішінде 78 мың жеке тұлғаның құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етті.

Азаматтардың табиғи монополиялар саласындағы құқықтарының сақталуын қадағалау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Ұқсас жаңалықтар

Су тасқыны: Ақтөбеде тұрғындарға біржолғы әлеуметтік төлемдер беріле бастады

admin

ТҮРКІСТАН: халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы аналарға бірреттік көмек көрсетіледі

admin

Аида Балаева: Білім саласын дамыту – болашаққа жасалған инвестиция

admin