The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықДенсаулық

Балалар арасында қандай инфекция өршіп тұр? – министр жауабы

 Балалар арасында қандай инфекция өршіп тұр? Бұл сауалға Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Эпидемиологиялық ахуал тұрақты деуге болады. Оның ішінде былтырдан бері өршіп келе жатқан қызылша мен коклюш инфекциясы қалыпты деңгейде. Алайда бір-екі облыс, соның ішінде Жамбыл обылысында балалар арасынан қызылша ауруы тіркелді. Қазір тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Басқа инфекциялар бойынша жағдай тұрақты. Жалпы менингококк, ішек инфекциясы және конго-қырым геморрагиялық қызбасы инфекциясы бойынша өткен жылмен салыстырғанда бірқалыпты. Бәрі тұрақты бақылауымызда, — дейді Ақмарал Әлназарова.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, былтырғы жылмен салыстырғанда көк жөтел — 3,8 есе төмендеген. Ал қызылша 27 есе азайған.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Сарыағашта «жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр

admin

Қазақстанда қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың өмір сүру көрсеткіші 16%-ға артты – министрлік

admin

Жамбылдық шаруалар Елордадағы жәрмеңкеге 300 тоннаға жуық өнім әкелді

admin