The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықҚоғам

ТҮРКІСТАН: Төлебиде ұлы жеңістің 80 жылдығына орай мерекелік шара өтті

Түркістан облысы, Төлеби ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, салтанатты жиын өтті.

Мерекелік іс-шара «Жеңіс» саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюдан басталды. Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес төрағалары, аудандағы зиялы қауым өкілдері қатысып, бабалар рухына тағзым етілді. Бір минут үнсіздік жарияланып, құран бағышталды.

Аудандық Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиында аудан әкімі тыл еңбеккерлерін жеңіс мерекесімен құттықтады.

Аудан әкімі майдангерлердің ерлігі мен қайсарлығы ұрпақ жадында мәңгі сақталатынын айтып, ардагерлерді ұлықтап, құрметпен еске алу перзенттік парыз екенін жеткізді. 

Шарада патриоттық әндер шырқалып, жиналғандарға рух пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ұқсас жаңалықтар

«Цифрлық теңгемен пайда табасыз»: Ұлттық банк алаяқтар туралы ескертті

admin

2026 жылы Алматы бюджетінің кірісі 2,5 трлн теңгеге дейін өседі — Дархан Сатыбалды

admin

Ұстаздарға 500 мың теңге мен шипажайға жолдама беріледі

admin