The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Экс-депутат ақша жымқырғаны үшін сотталды

 Астанада экс-мəслихат депутаты А.Беленцева мен Д.Мергенбаевқа қатысты аса ірі мөлшерде ұрлық фактісі бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тергеуді ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті жүргізді. 2020 жылы сотталғандар ТОО «Олимп Транс Сервис» атынан Ерейментау ауданында жел электр станциясын салуға 23,2 млрд теңгеге шарт жасасқан.

Жалған шарттарды рәсімдеу арқылы олар ақшаны серіктес компаниялардың шоттарына аударып, кейіннен қолма-қол ақшаға айналдырған.

Нəтижесінде келтірілген залал көлемі 8,5 млрд теңгеден асты. Соттың санкциясымен 13 млрд теңге тұратын мүлікке (зауыт, демалыс базасы, арнайы техника мен көлік құралдары) тыйым салынды.

Сот үкімімен Беленцева кінəлі деп танылып, оған 8 жыл 6 ай, Мергенбаевқа 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұдан бөлек, сот 8,5 млрд теңге көлеміндегі азаматтық талапты қанағаттандырды. Азаматтық талапты орындау мәселесі қаралғанға дейін мүлікке салынған тыйым сақталады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда ашық аспан астындағы амфитеатр ашылды

admin

ТҮРКІСТАН: Арыста қала күніне орай орталық көшелерге газ берілді

admin

Абай облысында әскери қызметші қайтыс болды

admin