The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Қостанай облысында 219 млн теңгенің жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының прокуратурасы жер қатынастары саласындағы бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық прокуратура мәліметінше, Ұзынкөл ауданының прокуратурасы жер қатынастары саласындағы заңдылықты сақтау мәселелері бойынша 2023-2024 жылдары әкімдіктің атына 7 қадағалау актісін енгізді, соның нәтижесінде мемлекет кірісіне ауданы 13,6 мың га жер учаскелері қайтарылды, кадастрлық құны 219 млн теңгеден асты.

Биыл прокуратура бастамасы бойынша уәкілетті орган жалпы ауданы 5,6 мың га болатын тағы 56 учаске бойынша тексеру іс-шараларын бастады.

Ұқсас жаңалықтар

Тиімділігі жоғары дақылдар алқабын ұлғайту және қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау мәселесі қаралды

admin

Жамбыл: ауылшаруашылығы өнімдеріне айрықша мән берілуі қажет

admin

Тоқаев теміржол саласының ардагерлерімен кездесті

admin