The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Үкімет басшысы әкімдерді құрылыс маусымын ұтымды пайдалануға шақырды

Премьер-министр Олжас Бектенов өңір әкімдеріне құрылыс маусымын ұтымды пайдаланып, кестеден кешігіп жатқан медициналық нысандардың құрылысын жеделдетуді тапсырды.

«Ауылда денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту» ұлттық жобасы 650-ден астам ауылдық елді мекенде заманауи медициналық пункттер ашуға мүмкіндік береді. Жетісу, Ұлытау, Жамбыл, Ақтөбе, Ақмола және Қарағанды облыстарында құрылыс қарқыны тым баяу. Мысалы, Ақтөбе, Жамбыл, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында осы күнге дейін алты объект бойынша жобалық құжаттама әзірленбеген. Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында сегіз жоба бойынша мемлекеттік сараптама дайын емес. Өңір әкімдері тарапынан дәл осы жобалау және құрылыс жұмыстарына бақылаудың кемшін болуы ұлттық жобаны іске асыру мерзімдерінің созылып кетуіне алып келеді. Нысандарды уақытылы тапсыру үшін құрылыс маусымын тиімді пайдалану керек, — деді үкімет басшысы.

Олжас Бектенов денсаулық сақтау министрлігіне қалған 188 медициналық нысанды салу жұмысына апта сайын мониториң жүргізіп отыруды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қонаевта құрылыс қарқын алды

admin

Білім күні: Алматыда “Келешек мектептері” жобасы аясында 12 мың орындық 7 мектеп ашылды

admin

Шымкентте ауаның ластануына байланысты кезекші топ құрылды

admin