The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықҚоғам

Қазақстанда тұрғын үй кезегінің тізімі жаңартылды

“Отбасы банк” бүкіл республика бойынша тұрғын үйге кезекте тұрғандардың жаңартылған тізімін жариялады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

2025 жылдың 24 мамырынан бастап барлық жаңа өтініштерді тек “Отбасы банк” қабылдайды. Бұған дейін мәліметтерді әкімдіктер ұзақ уақыт бойы базаға беріп келгендіктен, кезек тізімдерінде қателіктер болған.

Өз мәртебеңізді тексеру жолдары:

  • otbasybank.kz сайтында “Қолжетімді баспана” бөлімін таңдап, өңіріңіз бойынша тізімді жүктей аласыз.
  • orken.otbasybank.kz сайтында ЭЦҚ арқылы кіріп, “Мәртебені тексеру” батырмасы арқылы кезекке тұрған күні мен санаты көрсетіледі.

Кімдер кезекке тұра алады?

  • Соңғы 5 жылда меншігінде тұрғын үйі болмаған кәмелет жасқа толған ҚР азаматтары;
  • Жалғыз баспанасы апатты деп танылғандар.

Өтініштер тәулік бойы қабылданады, қызмет көрсету мерзімі – 1 жұмыс күні.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ана мен бала құқығын қорғауға қатысты түйткілдер тарқатылды

admin

Түркістан: «Ақсу-Жабағылы» шипажайын дамыту жолдары таныстырылды

admin

Түркістанда өткен конференция барысында «Күн тұтылған мезет» кітабы таныстырылды

admin