Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы арзандай ма?

0

 Қазақстанда ішкі нарықтағы дәрі-дәрмек көлемі ұлғаюы мүмкін. BAQ.KZ тілшісі осы мәселе бойынша Денсаулық сақтау министрлігіне ресми сауал жолдады.

Ресми хатта «Елімізде салынады деген медициналық дәрі-дәрмек өндіретін зауыт мәселесі қай деңгейде? Қазақстанда дәрі бағасы арзандай ма?» деген сауал қойылды.

Министрліктің мәлімдеуінше, дәрілік заттардың жергілікті өндірісін дамыту – Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі.

2025 жылға қарай ішкі нарықтағы қазақстандық препараттардың 50% үлесіне қол жеткізу мақсатын Мемлекет басшысы басым міндет ретінде белгіледі және Денсаулық сақтау министрлігі осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық тауар өндірушілердің фармацевтикалық өнім өндірісінің үлесі 15,1%-ды құрады (салыстыру үшін 2023 жылы – 14,4%). Біз бұл тұрақты дәрілік тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз екенін түсінеміз және саланы қолдау шараларын дәйекті түрде кеңейтуді жалғастырамыз, — делінген ведомствоның жауабында.

Айта кетерлігі, ҚР фармацевтика өнеркәсібінде 207 тіркелген өндірушілермен, оның ішінде 43 дәрілік заттар өндірушілерімен жұмыс істейді.

Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 2024 жылы қазақстандық өндірушілердің фармацевтикалық өнім шығару көлемі 171,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,8%-ға артық. Қазақстанның фармацевтикалық нарығы көлемінің жыл сайынғы өсімі 10-13% құрайтынын және Еуразиялық экономикалық одақ нарығының ұқсас өсімі деңгейінде (10-12%) екенін атап өту маңызды.

Отандық тұтынушының мүдделерін қорғау үшін мемлекеттік қолдау шаралары көзделген: тендерлік рәсімдерді өткізу кезіндегі басымдық және қазақстандық өндірушілермен 10 жылға дейінгі мерзімге 3 жылға ұзарту мүмкіндігімен ұзақ мерзімді келісімшарттар. Сонымен қатар 2024 жылы фармацевтика саласына тартылған инвестициялар көлемі екі есеге ұлғайды. Бұл инвесторлардың сенімі мен сектордың жоғары әлеуетін көрсетеді, — деді ведомстводан.


ПІКІР ЖАЗУ