The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Алматыда заманауи жер асты қоқыс контейнерлері орнатылып жатыр

Алматының Экология және қоршаған орта басқармасының тапсырысымен жаңа үлгідегі контейнерлік алаңдар орнату жобасы қолға алынған. Әр контейнердің сыйымдылығы – 3 текше метр. Бұл үш стандартты еуроконтейнерді алмастырып, қоқыс жинау мен шығару ісінің тиімділігін арттырады.
🌱 Заманауи жер асты контейнерлерінен жағымсыз иіс шықпайды, құс пен жануар қоқысты шаша алмайтындай жасалған.
🏙 Қаладағы сегіз ауданда барлығы 1 683 контейнер орнатылады. Бұл ауланың санитарлық жағдайын жақсартып, жайлы қалалық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
📌 Жұмыс жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз. Заманауи әрі экологиялық тұрғыдан тиімді жоба қалдықты басқару жүйесін қалыптастыруға жасалған маңызды қадам.

Ұқсас жаңалықтар

Welcome to Almaty: «Реал» Алматыға арналған бейнеролик жариялады

admin

Келесте таңға дейінгі жұмыстар нәтижесінде тасқын судан келетін қауіп сейілді

admin

Бектенов елдегі су тасқынына қатысты тәулік сайын есеп беруді тапсырды

admin