The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Алматыда Спорт күні тойланды

Алматыда Орталық стадион алдындағы алаңда еліміздің басты спорт мерекесі — ҚР Спорт күні ұйымдастырылды. Қала тұрғындары шеберлік дәрістеріне, турнирлерге қатысып, спортшылармен кездесті.
Фестивальдің салтанатты сәті марапаттау рәсімі болды. Спорт ардагерлері, спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына марапаттар мен алғыс хаттар табысталды.
Қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков қатысушыларды құттықтап, спорттың қоғамдағы маңызына тоқталды.
«Мемлекет өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасап отыр, ал спорт бұл істе маңызды рөл атқарады. Алматы еліміздің спорттық орталығы ретінде үлкен әлеуетке ие», — деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Көп балалы аналарға мемлекеттік награда табысталды

admin

Түркістан өрендері бір жылда су спорты түрлерінен 366 жүлде жеңіп алды

admin

Ақмола облысындағы жаңа сүт-тауарлы фермасына Еуропадан голштин тұқымды сиырлар жеткізілді

admin