The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Алматыдағы өзеннің түсі өзгерді: себебі анықталды

 Алматыдағы Есентай өзені соңғы күндері қоңыр түске боялды. Бұл туралы мәселені қалалық мәслихат депутаты, эколог Тимур Елеусизов көтерді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, бұл құбылыстың жауын-шашынмен байланысы жоқ, себебі жаңбыр жаумаған. Депутат кәсіпорындардың заңсыз төгінділері себеп болды деп сенім білдіріп, су инспекциясы мен прокуратураға кінәлілерді анықтап, жазалауды талап етті.

“Қазселқорғау” мамандары судың түсіне не себеп болғанын айтты.

Өзен арнасында су ағынын тұрақтандырушы құрылғыны тазалау жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде тат бөлшектері суға түсті, сол себепті осындай түс пайда болды, – деп түсіндірді мекеме.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Шардарада балық және жүгері шаруашылығы жаңаша бағытта дами түседі

admin

Арыс: комиссияның кезекті отырысы өтті

admin

Түркістан: Кентаудағы жылу энергия орталығында күрделі жөндеу жұмыстары басталды

admin