The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Зейнетақы: Енді еңбек өтілі Е-архив жүйесі арқылы расталады

Қазақстанда автоматты түрде зейнетақы тағайындау бойынша жүргізілген пилоттық жоба уақытша тоқтатылды. Енді еңбек өтілін растау Е-архив жүйесі арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтқандай, зейнетақы төлемдерін проактивті тағайындау бойынша пилоттық жоба болды.

Алғашқы кезеңде оған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қатысты. Ол жерде кадр бөлімдері қызметкерлердің 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі туралы мәліметтерін енгізді. Кейіннен квазимемлекеттік сектор ұйымдары да қосылып, өз қызметкерлерінің деректерін енгізе бастады, – деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда жоба аяқталған. Бұл бастаманы ауқымды түрде жалғастыру әзірге мүмкін болмай отыр. Себебі барлық жұмыс берушілер бұрынғы еңбек орындары бойынша, әсіресе 1998 жылға дейінгі деректерді ұсынуға дайын емес.

Сондықтан жоба уақытша тоқтатылды. Қазір біз басқа бағытта жұмыс істеп жатырмыз – Е-архивті цифрландыру және оны жүйеге интеграциялау. Болашақта еңбек өтілі туралы мәліметтер дәл осы базадан алынады, – деп түсіндірді Анафин.

Бұған дейін Олжас Анафин енді елімізде отбасылардың жағдайы жаңа тәсілмен бағаланатынын айтқан еді.

Ұқсас жаңалықтар

Бірыңғай уақыт белдеуінен не ұтамыз?

admin

Шымкентте 64 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді

admin

Нигматулин: Для перехода на цифровую отчетность нужен качественный доступ к интернету

admin