The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Абай облысында жаңа су қоймасы салынады

 Абай облысының Ақсуат ауданындағы Қарғыба өзенінде жаңа су қоймасы салынады. Құрылыс жұмыстарын 2026 жылы бастау жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта нысанның жобалау-сметалық құжаты әзірленіп жатыр.

Жобаны уақытылы әрі сапалы іске асыру үшін «Қазсушар» РМК-ның жергілікті филиалы мамандары, Ақсуат ауданы әкімдігінің қызметкерлері және мердігер ұйым өкілдерінен құралған комиссия құрылыс жүргізілетін аумақты тексерді.

Тексеру барысында тараптар жобаны жан-жақты талқылап, өз ұсыныстарын ортаға салды. Аудан әкімдігімен бірлесіп ішкі каналдар да қаралды. Жергілікті атқарушы органдар олардың реконструкциясына қатысты жобалау-сметалық құжатты әзірлеумен айналысады. Жаңа су қоймасы мен магистральді каналдар аудандағы ирригациялық жүйелердің толыққанды әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етеді, – деді Абай облысындағы «Қазсушар» РМК филиалының директоры Жарқынбек Байсабыров.

Ұқсас жаңалықтар

Бәйдібек: кезекті аппарат мәжілісі өтті

admin

Алматы қалалық туризмнің халықаралық деңгейдегі көшбасшысы ретінде танылды

admin

Сайрам: аудан әкімінің орынбасары көлкент ауылдық округіндегі инфрақұрылым жүйелерінің жұмысымен танысты

admin