The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Алматы облысында көкөніс пен жемістерді өңдейтін зауыттың құрылысы басталды

Өңірде көкөніс пен жемістерді терең өңдеуге арналған заманауи зауыт салу бойынша жаңа инвестициялық жоба іске қосылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жобаның бастамашысы – қазақстандық «Qazaq Global Food JV» ЖШС.

Жоба аясында көкөніс пен жемістерді өңдеу саласындағы Түркияның ең ірі компанияларының бірі – Göknur Gıda компаниясымен Off-take келісімшарты жасалды. Серіктес кәсіпорынның алма шырыны концентратын және басқа да өнімдерін экспорттау бойынша стратегиялық оператор қызметін атқарады. Бұл келісім ұзақ мерзімді кепілді өткізу нарығын қамтамасыз етіп, қазақстандық өнімнің шетел нарықтарына шығуына кең мүмкіндіктер ашады. 

Өңдеу қуаттарын дамыту жүйелі әсерге де ие: жаңа зауыт бәсекеге қабілетті нарықтың қалыптасуына, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және ел ішінде жоғары қосылған құнға ие өнім өндіруге ықпал етеді.

Жобаның жалпы құны – 9,5 млрд теңге. Еске сала кетейік, бұған дейін көкөніс қоймасын салушыларға мемлекет қандай қолдау көрсететінін жазған едік. 

  

Ұқсас жаңалықтар

Мамыр айында ауа райы қандай болады

admin

Алматыда мобильді бригадалар 200-ден астам жануарға көмек көрсетті

admin

Халықтың табысы қалай көбейтілетіні белгілі болды

admin