The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Алматы облысында металл қабылдау пунктінде жарылыс болып, 3 адам қаза тапты

Алматы облысындағы металл қабылдау пунктінде жарылыс болып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы Іле ауданындағы металл қабылдау пунктінде белгісіз зат жарылып, салдарынан үш адам қаза тапты.

Оқиға орнына полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем қызметтері жетті.  Бүгін Іле ауданы, Байсерке ауылы, метал қабылдау пунктінде белгісіз типтегі заттың жарылысы болды. Өрт шықпады және объектіге зиян келмеді. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу жіберілді. Үш адамның қайтыс болғаны анықталды, олардың жеке мәліметтері анықталуда. Оқиғаның салдарын жоюға және мән-жайын анықтауға ТЖД, полиция және медициналық қызметтің күштері мен құралдары жұмылдырылды, — деп хабарлады ТЖД.

Қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: жер асты өткелдерінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр

admin

Қазақстанда тағы бір мамандардың жалақысы 30%-ға өсетін болды

admin

Cу тасқыны: Қазақстан мен Жапония бірлесіп жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр

admin