The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Алматы әкімі бірқатар аудан басшыларына қатаң сөгіс жариялады

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаладағы жол төсемінің шөгуі, траншеялардың шайылуы және жиектастардың негізсіз ауыстырылуына байланысты бірқатар аудан әкімдеріне қатаң сөгіс жариялап, жауапты лауазымды тұлғаларды қызметінен босатты, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

Әуезов ауданындағы Аманжол көшесінде су тасқынынан кейін жол төсемінің шөгіп, 13 көлік зақымдалуына («Спецстрой Групп ЛТД» ЖШС жұмысы) және Яссауи көшесіндегі асфальттың опырылуына («Спецкоммунстрой» ЖШС) байланысты аудан әкіміне қатаң сөгіс берілді.

Ерменсай шағынауданында инженерлік коммуникациялар тарту үшін қазылған траншеяны су шайып кеткен («SGGroup Сапа Строй» ЖШС). Сонымен бірге әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесіндегі жерасты өткелінде гранит плиталардың негізсіз ауыстырылуына байланысты Бостандық ауданы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды.

Медеу ауданы әкіміне Уәлиханов бульварындағы жиектастың заңсыз шешіліп, жеке үйге жеткізілуіне жол бергені үшін қатаң сөгіс жарияланды. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ қала басшысы Үлкен Алматы өзені жағалауын абаттандыру жобасын жүргізіп жатқан «Павлодар өзен порты» АҚ жұмысына қызметтік тексеріс жүргізуді тапсырды. Жобаның тапсырыс берушісі – Экология басқармасының басшысына сөгіс берілді.

Дархан Сатыбалды қысқа мерзімде барлық анықталған кемшіліктерді жоюды, мердігер ұйымдардың жұмысын қайта тексеруді міндеттеді. Жауапсыз мердігерлерге айыппұл салынатыны ескертілді.

Ұқсас жаңалықтар

Көшпенділер ойындары: Түркістан облысының спортшылары ортақ жеңіске сүбелі үлес қосты

admin

Air Astana ұшақтарының не себепті жиі кешігетінін түсіндірді

admin

Түркістан: облыс әкімінің орынбасары Сарыағашқа жұмыс сапарымен барып, өзекті мәселелерді саралады

admin