The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Сәтбаевта уағыз айтып, терроризмді насихаттаған ер адамға үкім шықты

Сәтбаев қаласында терроризмдi насихаттаған ер адамға үкім шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сәтбаев қалалық сотында терроризмді насихаттаған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК-нің 256-бабы 1-бөлігі).

Сотта анықталғандай, сотталушы ауызша уағыздар айтып, бұрмаланған діни мәтіндерді мысалға келтіріп, қала тұрғындарының санасына әсер етіп, оларды радикалды идеологияға бейімдеуге тырысқан. Сот процесінде мемлекеттік айыптаушы дәлелдемелерді зерттеуге белсенді қатысып, кәсіби біліктілігін танытып, мемлекеттік айыптауды толық қолдады. Сот барлық мән-жайды ескере отырып, сотталушыны кінәлі деп танып, оған 5 жылмерзіміне бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, — деп жазылған Ұлытау облысы прокуратурасының хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін Астанада ұлттық араздық тудырған 11 адам жауапқа тартылған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру жолдары қаралды

admin

Министр Түркістан облысындағы су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстарына оң бағасын берді

admin

Маңғыстаулық 17 жастағы баланың жұмбақ өліміне қатысты тың дерек шықты

admin