Қазақстан мен АҚШ арасында локомотив өндірісі артады

0

Қазақстан Еуразия кеңістігінде маңызды көлік дәлізіне айналған мемлекет. Ел экономикасының тұрақты дамуы үшін теміржол саласының маңызы ерекше. Осы бағытта жүзеге асқан ірі жобалардың бірі – Астанадағы Локомотив құрастыру зауыты. Бүгін біршама БАҚ өкілдері зауыттың жұмысымен танысу үшін арнай пресс турға барды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Локомотив құрастыру зауыты 2009 жылы іске қосылған. Бұл – Қазақстан мен АҚШ-тың Wabtec компаниясының бірлескен жобасы.

Зауытта кірерде міндетті түрде қауіпсіздік ережесін сақтап каска жилет кию керек.

БАҚ өкілдеріне зауыттың жұмысын Локомотив құрастыру зауытының президенті Айбек Камилов таныстырды.

Келесі аялдама зауыттың ішкі бөлігі. Механик, дәнекерлеуші, техник-конструктор сынды еңбек адамдары локомотивтің құрылғыларын жасап, құрастырып жатыр. Осылай процесс бірінен соң бірі жалғаса береді.

Зауытта 800-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін 650-ден аса локомотив өндіріске шыққан.

Локомотивтер тек Қазақстанда ғана емес, Еуразиялық экономикалық одақтың аймағында, бүкіл ТМД елдері темір жолында қолдануға техникалық қабілеті бар. Біздің негізгі тапсырыс берушіміз «Қазақстан темір жолы» компаниясы. Локомотивтердің көп бөлігі сонда кетеді. Одан да басқа Ортап Азия елдеріне Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан сынды елдерге экспорттарға жібереміз. Міне, 10 жылдың көлемі болды, әлі жұмысын жалғастырып жатыр. Біздің өнім өте сапалы, жоғары деңгейлі, — дейді Айбек Камилов.

Одан бөлек зауытта америкалық Wabtec компаниясымен бірлескен жоба бар. Яғни жер бетімен рельссіз жүк тасуға арналған шағын көлік құрылғысын дайындап, Үндістанға жібереді.

Соңғы аялдама дайын болған локомотивтер. Оларды машинистер мен көмекшілері қабылдап, тексеріп, алып кетеді.

70-80 жылдары шыққан локомотивтер ескі болды. Бұл жасалған локомотивтерде барлық жағдай жасалған. Машинист пен көмекшілеріне тоңазтқыш, жылытқыш, ауа баптағыш бар. Отыратын орындарын өздерінің қалауынша ыңғайлап қозғалтуға болады. Жарықтармен қамтамасыз етілген, — деді ҚТЖ- тасымалы ЖШС Бас директорының орынбасары Асан Үмбетов.

Жақында Мемлекет басшысының Нью-Йорк қаласына ресми сапары аясында АҚШ Сауда министрі Говард Лютниктің қатысуымен америкалық Wabtec компаниясымен жалпы сомасы 4,2 миллиард доллар болатын келісімге қол қою рәсімі өткен еді. Құжатқа сай Қазақстанда техникалық тұрғыдан жетілдірілген 300 локомотив шығарылып, сервистік қызмет көрсетілмек.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Шолпан Омарова бұл жоба тек локомотивтерді сатып алуды ғана емес, сонымен бірге сервистік және әлеуметтік міндеттемелердің тұтас кешенін қамтитынын атап өтті.

Локомотивтік парк пен жылжымалы құрамды сатып алу – ауқымды инвестиция. Оларды қаржыландыру үшін қарыздық және меншікті қаражат қолданылады. Қарыз қаражаты Citibank арқылы АҚШ-тың Экспорттық-импорттық банкінің кепілдігімен тартылды. Осыған байланысты біз үшін шарттар біршама жеңілдетілген. Пайыздық мөлшерлеме SARON плюс 0,48%-ды құрайды, – деді ол.


ПІКІР ЖАЗУ