The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Семейде 40 көшенің жолы жөнделеді

 Семейде биыл жалпы ұзындығы 36 шақырым болатын 40 көшенің жолына орташа жөндеу жүргізілетін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков жұмыс барысын тексеріп, мердігер ұйымдарға жұмыс қарқынын жеделдету жөнінде тиісті тапсырмалар берді.

Биыл жалпы ауданы 130 073 шаршы метр қиыршық тас төселген жолдар тегістеліп, жалпы ауданы 19 320 шаршы метр жол төсеміне жөндеу жүргізіледі. Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары 6 мың шаршы метр аумақта (Абай, Шмидт көшелері, Сол жағалау айналма жолы, Глинка, Промышленная, Автогуж көпір, Гагарин және т.б.) орындалды.

Сонымен қатар жалпы ауданы 75 мың шаршы метрді құрайтын квартал аумақтарын жөндеу жоспарланған. Бүгінде 8 аула аумағында жұмыс аяқталды. Мамыр айының ортасында жалпы ауданы 27 000 шаршы метрден асатын жаяу жүргіншілер жолына жөндеу жүргізіледі.

Қалада барлығы 1500 жаңа белгі, 20 жол учаскесіне жасанды жол төмпешіктері және 10 учаскеге «Қорғау» жарық диодты жаяу жүргіншілер өткелдері орнатылады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда «жайлы мектеп» жобасы аясындағы алғашқы 2000 орындық мектеп пайдалануға берілді

admin

Шымкенттегі «1-М-1» қосалқы станцияның құрылыс жұмыстары тамыз айында аяқталды

admin

Атыраудан жұрт жаппай кетіп жатыр. Жедел штаб түсінік берді

admin