The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықДенсаулық

Енді қазақстандықтар онкоскринингтен тегін өте алады

 Қазақстанда онкоскринингтер тегін медициналық көмектер пакетіне енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан Үкіметі тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) тізімін кеңейтіп, оған онкоскринингтерді қосты. 

Бұл – онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін маңызды тексерулер.

Енді ТМККК аясында амбулаториялық жағдайда көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмекке скринингтік зерттеулер ресми түрде енгізіліп отыр. Бұл халық арасында қатерлі ісіктердің алдын алу мен уақтылы диагностикасының тиімділігін арттыруға жол ашады.

Айта кетейік, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында профилактикалық тексерулер уәкілетті орган бекіткен кестелер мен қағидаларға сәйкес жүргізіледі.

Бұл жаңашылдық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 786 қаулысымен бекітілді.

Құжаттың мақсаты – сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және қатерлі ісіктерді ерте анықтау мен дер кезінде емдеу арқылы өлім-жітімді азайту.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: жомарт жан «Мектепке жол» акциясы аясында 150 оқушыға көмек көрсетті

admin

Страшное ДТП со смертями произошло на трассе в Актюбинской области

admin

Түркістанда «ӨМІР БҰЛАҒЫ» оңалту орталығы ашылды

admin